Текст
29.09.2020
1 қыркүйек Білім күні
Дөңгілағаш негізгі мектебінде оқушылар Білім күнін мектеп қабырғасында қарсы алды.Сынып жетекшілер санитарлық режимді сақтай оырып сабақтарын өткізді.
25.05.2020
25 мамыр
Амантай Жолданғарұлы 25 мамыр күнімен барлық мұғалімдер мен оқушыларға өз құттықтау сөздерін жолдады. Өзінің құттықтау сөзінде мұғалімдерге үлкен алғысын атты.
25.05.2020
Біздің мектептің тарихи мұражайы
Біздің мектебімізде тарихи мұражай ашылды. Барлық экспонаттар ауыл тұрғындарымен жиналған. Мұражаймызда Ұлы Отан Соғысына арналған бұрыш бар, сол бұрышта ардагер аталарымыздың фотосуреттері бейнеленген.
22.05.2020
Мектептің абатануы туралы
ЖШС "Умай Жер" біздің мектепке 250 гул көшеттерін алуға қаржылай көмек көрсетті.
14.05.2020
Біздің кішкентай жұлдыздар
Дөңгілағаш негізгі мектебінің 5 сынып оқушысы Кардонбаева Жанар аудандық суреттер сайысында жүлделі ІІ орынға ие болды.Осы байқау Ұлы Отан соғысының 75-жылдына орай өткізілген.
13.05.2020
Жеңіс
Ұлы Отан соғысының 75-жылдығына орай мектебіміздің аға тәлімгері бейнематериал дайындап, мектебіміздің истаграмм парақшасына салды. Оқушылар Ұлы Отан соғысына қатысқан аталарының ерлігі туралы баяндап берді.
13.05.2020
Қазақстандағы Бірлік күні
Дөңгілағаш негізгі мектебінде Қазақстан еліндегі Бірлік күніне орай балалар видео материал дайындады. Осы видео материалда балалар Қазақстан елінде тұратын әртүрлі ұлттар туралы айтып берді, біреуі түрік тілінде ән айтса, береуі палау қалай дайындалатыны туралы өзбек...
19.03.2020
8 наурыз мерекесі туралы
8 наурыз мерекесіне балалар өте жақсы дайындықтарын көрсете алды. Себебі олар осы күні өздерінің сүйікті аналарын құрметтейді. Аналар мерекелік концертке қатысып, осы мерекелік концертті ұйымдастырған мұғалімдерге риза болды.
20.12.2019
Біздің кішкентай жұлдыздар
Республикалық "Қаламгер" онлайн байқауында Дөнгілағаш НМ 5 сынып оқушысы Аптарова Айша жүлделі ІІІ орынға ие болды және смарт сағат ұтып алды. Осы байқауда 3 сынып оқушысы Қайырбай Інжу І орынға ие болып смартфон ұтып алды.
30.10.2019
Біздің мектепте 25 қазан күні "Отбасы" күніне арналған іс-шара өтті
25 қазан күні 2019 жылы Дөңгілағаш негізгі мектебінде "Отбасы" күніне арналған сынып сағаттары өтті. Біздің мекткептің сынып жетекшілері өте қызықты және тартымды сынып сағаттарын өткізді.