Текст
21.12.2020
Тәуелсіздік күніне арналғна сынып сағаттары
Тәуелсіздік күніне арналған сынып сағаттары барлық сыныптарда өткізілді.
15.12.2020
Шахмат онлайн-турнирі "Ұлттық мектеп лигасы"
Біздің мектептің оқушылары шахмат онлайн-турнирінде "Ұлттық мектеп лигасы" командалық есепте 3 орынға иеленді. Жеке біріншілікте 2 тақтасында 8- сынып оқушысы Мырзағали Темірлан 1 орынға ие болды.
07.12.2020
"Ақ бота" интеллектуалдық марафоны
Біздің оқушылар "Ақ бота" интеллектуалды марафонына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Оқушыларға тек сәт сапар тілейміз.
30.11.2020
Клубтың ашылуы
Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімінің жетекшілігімен Дөңгілағаш негізгі мектебінде Ұлы қазақ жазушысы Абай Құнанбай құрметіне клуб ашылды.
30.11.2020
Маңызды ақпарат
Біздің мектепте үлкен, қуанышты хабар. Аудандық білім бөлімінен біздің мектепке жаңа ноутбуктер әкелінді. Осындай көмек жасағандарыңызға көп алғысымызды білдіреміз.
24.11.2020
Шахмат турнирі "Белая ладья"
Дөңгілағаш негізгі мектебінің оқушылары "Белая ладья" шахмат турниріне қатысып жүлделі І орынға ие болды. 8- сынып оқушысы Мырзағали Мейірлан жеке біріншілікте І орынға ие болды. Біз өте қуаныштымыз және оқушыларымызға тек сәттілік тілейміз.Осы турнирдің...
23.11.2020
Жалпыадамзаттық құндылықтар күні
Біздің мектепте өзін-өзі тану пәні бойынша "Жалпыадамзаттық құндылықтар" күніне орай сынып сағаттары өтті. Сынып жетекшілер оқушылармен осы тақырыпқа байланысты қызықты сынып сағаттарын өткізді.
18.11.2020
Кітап оқуға шақырамыз!
Біздің мектепте "Кітап оқуға шақырамыз!" атты науқан өтті. Отбасылық оқылым тақырыбына 8- сынып оқушысы Мырзағали Мейірлан шағын видео түсірді. Ал 9- сынып оқушысы Аптарова Акерке М.Әуезовтың "Көксерек" буктрейллерін түсірді.
09.11.2020
Мектеп демалыстары.
Біздің мектептің оқушылары демалыс күндерін өте пайдалы өткізіп жатыр. Қыздар үйде аналарына ыдыс жуып көмек көрсетсе, ұлдар даланың шаруасына жарап жатыр.
06.10.2020
Ұстаздар күніне құттықтаулар
Дөңгілағаш негізгі мектебінің оқушылары өз қолдарымен Ұстаз күніне арналған қорапша жасап, сол қорапша ішіне өз мұғаліміне деген құттықтауларын арнап жазып салды.